ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
 
✅Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тыл даладасында еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қарияларды үйлеріне арнайы барып құттықтады.
↪️ Ленгір қаласының тұрғыны 91 жастағы Қадырбай Отарбаев ақсақалды, 96 жастағы Сағат Сыздықова әжеге сый-сияпат ұсынып, мерекелік медаль табыстады.
📌Отан, туған ел үшін күрес жолында миллиондаған адамдардың өмірін қиған сұрапыл соғыс жер жүзін мекендеген барша адамзатқа қайғы-қасірет әкелгені тарихи шындық. Сол бір зұлмат жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамгершіліктің, отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек, деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
↪️Қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.
Тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз. Бұл бағыттағы жұмыс жыл көлемінде жалғасын табады.
📌Жалпы, Ұлы Отан соғысына Төлеби ауданынан 10862 жауынгер қатысты. 5 жерлесіміз Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды, жүздеген жауынгерлеріміз І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері атанды.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі