Құрметті төлебиліктер!
Қадірменді жерлестер!

Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл күн Отанымызға қызмет етіп, еліміздің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын, оның тарихи жеңісті дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан барша азаматтарға ерекше құрмет болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі» деді мерекелік құттықтау сөзінде.
Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Елге, жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім және жауапкершілік әрбір азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс.

Отан қорғаушылардың батылдықтары, ерліктері мен өр рухы, қажырлы еңбектері бен табандылықтары болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ- береке тілеймін. Әрдайым ел қорғаны болып, халқымыздың тыныштығы мен болашағы үшін қызмет ету жолында абыройларыңыз биік болсын!
Ізгі ниетпен аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов