«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі-конкурс)адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
Конкурсты өткізу мақсаттары:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2) Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
БІРІНШІ КЕЗЕҢ - ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ, АУДАНДЫҚ (ҚАЛАЛЫҚ):
Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап 2025 жылғы 27 маусымға дейінгі мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 30 маусымғадейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссияларына жібереді.
*** Аудандық (қалалық) кезеңдердің марапаттау рәсімдері салтанатты түрде 2025 жылғы 15 шілдеге дейін өткізіледі. Отбасыларға ұлттық киімдер немесе ұлттық элементтері бар киімдер кию ұсынылады.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ – ОБЛЫСТЫҚ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА):
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)комиссиялары 2025 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде аудандық (қалалық)комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және бір жеңімпаз отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 17 шілдеге дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен ұйымдастыру комитетіне жібереді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)комиссиялары бір жеңімпаз отбасын айқындау жөніндегі шешім қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы конкурс комиссиясының хаттамасынан үзінді көшірмені ұсына отырып, конкурс жеңімпаздарын және конкурс жеңімпаздары деп танылмаған қатысушыларды хатпен хабардар етеді.
*** Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезеңдердің марапаттау рәсімдері салтанатты түрде 2025 жылғы 15 тамызға дейін өткізіледі. Отбасыларға ұлттық киімдер немесе ұлттық элементтері бар киімдер кию ұсынылады.
Үшінші кезең-республикалық:
#Otbasym2025