
Түркістан облысының үздік жас волейболшылары спорттық додада өз шеберліктерін көрсетіп, ойын жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қатысушылар командалық рухты, шапшаңдықты, ептілікті және жеңіске деген жігерді танытты.
Волейбол жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің де көңілінен шықты. Жанкүйерлер ерекше атмосфера қалыптастырып, ойыншыларға қолдау көрсетті.

Жарыс қорытындысымен жеңімпаз командалар мен көпшілік алдында ерекше көзге түскен үздік ойыншыларды "Төлеби спорт клубы" КММ кубоктары, медальдары және дипломдарымен арнайы марапаттады

Жеңімпаз атанған командалар:
1. І орын – "Ордабасы" құрамасы
2. ІІ орын – "Төлеби спорт клубы" құрамасы
3. ІІІ орын – "Арыс" құрамасы