МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
 
✅Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығы және 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.
🔹Спорттық сайысқа облыстағы 30 астам мемлекеттік органдардың 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшісі қатысып, спорттың 9 түрінен бақ сынады. Шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, жүзу, шахмат, арқан тарту, баскетбол, қазақ күресінен жарысқа түскен командалар мен жекелеген спорт түрлері бойынша жеңіске жеткендер марапатталды.
🏆Сайыс нәтижесімен жалпы командалық есепте:
🥇1-орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің,
🥈2-орынды Түлкібас ауданының,
🥉3-орынды Жетісай ауданының мемлекеттік қызметшілері иеленді.
Спартакиада қорытындысымен үздік деп танылғандар Өскемен қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алды.
🏆Аталған спорт сайысына қатысқан Төлеби ауданының мемлекеттік қызметшілері тоғызқұмалақтан жекелей ерлер арасында Дулат Сапарбеков 3 орын, әйелдер арасында Жанна Кұлжабаева 1 орын алып, ойынның бұл түрінен командалық есепте 1 орынды иемденді. Жүзуден жекелей ерлер арасында Бейбіт Төлешов 3 орынды, шахматтан әйелдер арасында Феруза Қалтаева 3 орынды, арқан тартудан командалық есепте 3 орынды, қазақ күресінен 74 кг салмақта жекелей Заманбек Әуелбеков 3 орынды иеленді.
📌Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі