
Еңбек жолын «Петро Қазақстан» АҚ –ның кадр және құжат айналымы бойынша инспектор болып бастаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде директордың орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ұстаздық еткен. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалында, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарған. Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылым депутаты.