БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ ЫРЫСТЫ БОЛСЫН!

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ ЫРЫСТЫ БОЛСЫН!
 
Құрметті аудан тұрғындары!
Ардақты ағайын!
🇰🇿 Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
🔰 Халықтар арасындағы бірлік пен татулықты дәріптеуге арналған мерекенің көпұлтты еліміз үшін маңызы зор. Қазақ елі мен жері – ежелден сан алуан мәдениеттер мен өркениеттерді тоғыстырып, қонақжайлылық, бауырмашылдық, кеңпейілділік, үлкенге ізет, кішіге құрмет секілді асыл қасиеттерімен танылып келеді.
📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды, деді құттықтау сөзінде.
↪️ Халқымызда «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» деген даналық сөз бар. Бірлігі бекем, ынтымағы ырысты ауданымызда бүгінгі таңда 30-дан астам ұлттың өкілдері достықта, өзара сыйластықта өмір сүруде. Ауданымыздағы 6 этномәдени орталық Төле бабамыздың «Ынтымақ - ырыс қайнары» деген даналығын алға тарта отырып, ортақ мақсат пен мүдде жолында еңбек етуде.
📌 Татулығы жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Әр шаңырақта татулық пен өзара түсіністік болсын! Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Е.Әлімқұлов