Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов өзінің аудан халқымен кездесулерінде, жеке қабылдауларында жиі айтылып жүрген Жаманжар каналының жай-күйімен танысу мақсатында Аққұм ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.
Сапар барысында «Бекшеге» шаруа қожалығы аумағынан өтетін 3.2 шақырымды құрайтын каналды тазарту жұмыстарына куә болып, бұл мәселеге қатысты тұрғындардың пікірін тыңдады.
Еркін форматтағы кездесу барысында сала мамандарының, осы мәселеге қатысты арызданып жүрген азаматтардың ұсыныстары, шағымдары сараланып, шешім қабылданды.