2025 жылы Электрондық еңбек биржасында 1 млн астам бос жұмыс орны жарияланады

2025 жылы Электрондық еңбек биржасында 1 млн астам бос жұмыс орны жарияланады
 
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарының қысқа мерзімді болжамын дайындады және жариялады, оған сәйкес Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09-дан 1,25 млн-ға дейін бос жұмыс орындары жарияланады, оның 243-350 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылдарға арналған қысқа мерзімді болжам негізінде 2023-2024 жылдарға арналған Электрондық еңбек биржасының деректері пайдаланылды. Осы кезеңде Enbek.kz 2,1 млн бос жұмыс орны, оның ішінде білікті жұмысшылар үшін 1,5 млн бос жұмыс орны және жұмысшы мамандықтар үшін 524 мың бос жұмыс орны жарияланды.
«Enbek.kz-тегі бос жұмыс орындарының ішінде Ұлттық кәсіптік жіктеуішіне енгізілген 2 232 мамандық қарастырылды. Бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ы білім беру және денсаулық сақтау салаларына, 8%-ы өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және сауда салаларына, 7%-ы құрылыс салаларына жатады», – деді ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Оның айтуынша, өңірлер арасында Алматы (бос жұмыс орындарының 10%) және Астана (9%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8%), Түркістан (7%), Павлодар және Қостанай (әр облыста 6%) облыстары көш бастады.
«Егер біз тек білікті жұмысты ескеретін болсақ, онда білім беру және денсаулық сақтау салалары бос жұмыс орындарының 45%, өңдеу өнеркәсібі – 9%, ал құрылыс, мемлекеттік басқару және сауда-әрқайсысына 6% құрайды. Айта кету керек, білікті қызметкерлер арасында әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер, күтушілер, мейірбике қызметкерлері мен күзетшілер жиі ізделді», – деп бөлісті Шумеков.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1745986986 сайтында.