
Өңірде ауыл шаруашылығы өнім көлемі 116,4 млрд. теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша аймақ – республикада көшбасшы. Бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстары көлемі 58,6 млрд. теңгені құрап, 57,4%-ға артты. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы –159,2 мың шаршы метр. Облыс бойынша 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен жергілікті бюджетке 65,6 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 148,8%-ға орындалды. Есепті кезеңде салықтық түсімдер бойынша жоспар 40,9 млрд. теңге болса, бюджетке нақты түскені – 57,7 млрд. теңге. 16,8 млрд. теңге артығымен орындалды. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 2,3 млрд. теңге болса, 6,1 млрд. теңге, түсіп, 3,8 млрд. теңге артығымен орындалып отыр. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 747,2 млн. теңге болса, нақты түскені – 1,7 млрд. теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 7,2%-ға жетті.