
Бүгін, тазалық жұмыстары Ақмешіт, Біркөлік шатқалының өзен жағалауында ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер жалпы 300 адам қатысып, 15 км жол бойы, өзен жағалауы тазаланды. Тазалық шарасына қатысушылар өздеріне бөлінген аумақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жалпы халықтық сипатқа ие болған бағдарламаның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Туған жердің тазалығын сақтау- әр азаматтың міндеті. Қоқысты кез келген орынға тастамау арқылы мәдениеттілігімізді көрсетуіміз қажет.
Президентіміздің бастамасын қолдап, апта сайын сенбілікке шығып, күнделікті үйіміздің айналасын, көшелерімізді таза ұстауға және көгалдандыруға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын,- деді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы.