
Мәжілісте 2025 жылдың I тоқсанында аз қамтылған және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылы кедейлікті төмендету мақсатында 76,2 мың адамды (12,7 мың отбасы) АӘК-пен қамтамасыз ету жоспарланып, бұл мақсатқа 10,7 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 2025 жыл соңына дейін АӘК алушылар санын 76 228 адамға, ал кедейлік деңгейін 3,5%-ға төмендету жоспарланды. Аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында облыста бірқатар жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Биылғы 1 тоқсанның қорытындысымен 45011 адамға (7333 отбасына) АӘК тағайындалып, төленді. Кедейлік деңгейі 2,1%-ды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға (2024 жылы – 4,4%), ал АӘК алушылардың саны 49 739 адамға немесе 52,2%-ға төмендеп, меже орындалып отыр. Сонымен қатар 2025 жылдың 1 сәуіріне еңбекке қабілетті 10 259 АӘК алушының 6 666-сы немесе 65% -ы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.