ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЛДАҒЫ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЛДАҒЫ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТЕДІ
 
Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі Орталығы» ғимаратында облыстағы спорт саласындағы жұмыстар мен жетістіктер талқыланды. Кездесуге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты барлық спорт ұйымдарының басшылары мен облыстың аға жаттықтырушылары қатысты. Жиында басқарма басшысы Ғалымжан Худияров төрағалық етті.
Іс-шарада ҚР VI жастар спорттық ойындары сараланып, алдағы жарыстарға дайындық барысы пысықталды. Спорттың 34 түрін қамтыған кешенді додада Түркістан облысының спортшылары үздік нәтиже көрсетуі үшін аға жаттықтырушылар мен жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктелді. Сондай-ақ, 2025 жылдың I тоқсаны бойынша спорт мекемелерінде атқарылған жұмыстар жөнінде есептер тыңдалды.
Бұдан бөлек, жиында биыл Алматы облысында өтетін «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарына деген облыс құрамасының дайындығы талқыланды. Түркістан облысының спортшылары өткен VII ауыл спорт ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Осы мәртебені сақтап қалу мақсатында басқарма басшысы Ғалымжан Батырханұлы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріп, дайындықты күшейтуді міндеттеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі