МЕКЕМЕ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫН ЖЕТКІЗДІ

МЕКЕМЕ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫН ЖЕТКІЗДІ
 
✅Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың Бірінші Мамыр ауылдық округі халқымен кездесуінде тұрғындар «Балмұздақ» ЖШС-і орналасқан өндіріс орны аймағынан сүт қалдықтарының жағымсыз иісі шығатынын айтып, оның санитарлық талаптарын тексеруді сұранған болатын.
📌Аудан басшысы тұрғындар арызын анықтау мақсатында жұмысшы топ құрып, серіктестік қызметімен танысуды тапсырды.
✅Бүгін, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы бастаған сала мамандары, ауыл тұрғындарымен бірге «Балмұздақ» ЖШС—нің өндіріс орнына барды.
↪️1987 жылы қоғамдық тамақтану кәсіподағына қарасты кішігірім цех ретінде негізі қаланған мекеме 1998 жылы наурыз айында "Балмұздақ" ЖШС-і болып қайта құрылды. Бұл Түркістан облысындағы алғашқы жеке меншік балмұздақ өндірісі еді.
↪️Компания бүгінгі күні «Lengerskoe» сауда белгісімен шығатын 120-дан астам түрлі балмұздақтарымен, 22 түрлі шоколад өнімдерімен, 23 түрлі жартылай дайын өнімдер, 3 түрлі торт балмұздағымен мақтана алады. Ең танымалы – «Ностальгия» балмұздағы.
✅Цех балмұздақ өндіруге қажетті жоғары сапалы шикізатпен қамтамасыз етілген, сәйкестік сертификаттары бар. Көпшіліктің сүйікті «Ностальгия» балмұздағын автоматты орауға арналған арнайы қондырғы қойылуда.
↪️ 3.2 га аумақта орналасқан кәсіпорында 350 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жаңа қондырғыны іске қосуда. Қосымша 80 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
📌Аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Бауыржан Қайратұлы кәсіпорын қызметімен, жұмысты жетілдіруге арналған жаңа қондырғылармен танысты. Округ халқының мәжілістерде көтеріп жүрген мәселесін жеткізіп, проблеманың шешу жолдарын сұрады. Мекеме басшысы кәріздік су тазалау қондырғысы арнайы тапсырыспен алдырғанын, қазіргі кезде оны орнату жолдары қарастырылып жатқанын айтты.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі