
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы күн тәртібінде айтылған негізгі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, дербес бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына, кәсіпкерлікті дамыту, инвестор тарту жұмысын жалғастырып, ауыл тазалығын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.