Төлеби ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Төлеби спорт клубының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
Турнирге аудан аумағындағы 20-дан астам мекемеден 14 команда қатысып, өзара бақ сынасып, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл жарыс — тек спорттық дода емес, бейбіт өмірдің қадірін бағалау мен өткенге тағзым етудің тағылымды сәті болды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен спорттық сайыс нәтижесінде:
• І орын – Аудандық Білім бөлімі
• ІІ орын – Алатау ауылдық округі құрамасы
• ІІІ орын – Аудандық Полиция бөлімі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, арнайы дайындалған кубоктар мен марапат қағаздары табысталды.