
Тазалық шарасы жұма және сенбі күндерге белгіленіп, барлық ауылдық округтер өз әкімшілік аумақтарында сенбілікті ұйымдастырып, жол жиегі, көше бойы, саябақ, скверлерді, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазалап қана қоймай, ағаш егу, ағаш бұталарды қырқу, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, бекітілген кестеге көрсетілгендей, өзен жағалауларын күл-қоқыстан, сынған ағаш бұтақтарынан, өзен ағысына кедергі келтіріп тұрған пластик, шыны бөтелкелерден тазартуда.