
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге және жастарды колледжде дайындайтын жұмысшы мамандықтарына шақырып, нағыз маман иесі болуға дәріптелген іс-шарада студенттердің мамандығы бойынша дайындаған қол өнер бұйымдары, шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.
Колледждің тыныс-тіршілігі туралы ақпараттық бейнебаян көрсетіліп, шеберлік сағатында студенттер алған білімдерін тәжірибе арқылы таныстырды. Кәсіптік бағдар бойынша мектеп оқушылары мен колледж мұғалімдерінің сұхбаттасуы арқылы ой-пікірлерін жеткізді.