ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТОБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТОБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
 
✔️Түркістан облысында мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының “Халық үніне құлақ асатын үкімет” қағидасы негізге алынды.
✔️2024 жылы облыста жергілікті атқарушы органдар тарапынан 26 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, оның 96%-ы электронды түрде ұсынылды.
✔️Қызмет сапасын арттыру мақсатында қоғамдық мониторинг нәтижелері таныстырылды.
⤵️Мониторинг:
• 15 жергілікті атқарушы орган көрсететін қызметтерді қамтыды.
• 3 негізгі салаға — білім, әлеуметтік қорғау және жер қатынастарына бағытталды.
✔️Бұл бастама – халықтың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттырып, кері байланысты нақты шешімдерге айналдырудың айқын мысалы.
✔️Басты мақсат – халықпен кері байланыс орнату арқылы сапалы, ашық әрі тиімді мемлекеттік қызметті қалыптастыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі