ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен қорытынды кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті.
✅ Еркеғали Амантайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тезистері мен 2024 жылы Ленгір қаласында атқарылған жұмыстар мен 2025 жылдың жоспарын баяндады.
🔰 2024 жылы 12 әлеуметтік нысанға 7,2 млрд.теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.
🔹Атап айтқанда: «Алатау» мөлтек ауданының жаңа массивіне инфрақұрылым тартылуда. Қапал батыр көшесі бойынан 5 қабатты 156 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Халықтың осал топтарына арналған 120 пәтер, «Тең қоғам және қазына қария» мекемесінің ғимараты пайдалануға берілді.
«Жастар орталығы» ғимаратының күрделі жөндеуден өтті. Қ.Ешенқұлұлы, Т.Қырықбаев, Күмістөбе және Достық көшелерінің 3,6 шақырымына аяқ жол салынды. Байқоңыр және Қонаев көшелерінің суағар (лоток) орнатылды. Қаланың бас жоспарына өзгертулермен түзетулер енгізілуде. Жоба толыққанды аяқталған жағдайда, Ленгір қаласының 2 816 гектар жері бас жоспарымен қамтылатын болады.
🔰2025 жылы 18 жобаға 3,7 млрд.теңге қарастырылды.
🔹Атап айтқанда:
- Қапал батыр көшесінің бойындағы 9 дана тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникация жүйелерінің (бас
жоспар, сыртқы су және кәріз жүйелері, электр жүйелері, байланыс жүйелері) жүргізу үшін;
- №1 мөлтек ауданындағы құрылысы жүргізіліп жатқан №6,8,9 көпқабатты үйлерді газбен қамтамасыз ету үшін, инженерлік-коммуникация жүйелерінің жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге;
- №«3-кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстарын жалғастыруға ҚР Ұлттық қор есебінен ағымдағы жылға 1 млрд.теңге;
- №1,2 кәріз тазалау ғимараттарын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге;
- ашық су құдықтарының қақпақтарын ауыстыруға;
- №1 мөлтек ауданындағы қазандық ғимаратының жылу трассаларын ағымдағы жөндеуге;
- қаланың 5 көшесінің 4,8 шақырымын орташа жөндеуге;
- 10 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату;
- «Төлеби баба» мұражайының құрылысын бастауға;
- сергек бейнебақылау жүйесін орнатуға,
- қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылысын салу үшін қаржы қарастырылды.
↪️ Кездесу барысында аудан басшысы инвестициялық әлеуетті көтеру мақсатында, Шымкент қаласымен шекаралас орналасқан Киелітас ауылдық округіндегі 100 гектар жерге ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, Киелітас ауылдық округінен 14 гектар жерге ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК САЛУ жоспарлануда екенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» іс-шарасы жүзеге асырылуда, қаламызда мемлекеттік мекемелердің жұмысшылары апта сайын сенбілікке шығып, тазалыққа өз үлестерін қосуға шақырды.
📌 Өзіміз тұрып жатқан ортақ жерімізді, көшемізді таза ұстауға және көгалдандыруға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Барлығымыз бірлесе отырып, қоғамда экология мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Баршаңызды осы жолда бірлесіп, аянбай еңбек етуге ұсынамын, — деді аудан әкім Еркеғали Амантайұлы.
↪️ Кездесуде қала тұрғындары Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысын көрсетілген мерзімде аяқталуын сұранып, Алатау қосалқы станциясының пайдалануға беру мерзіміне қатысты сұрақтарын қойды. Тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарға пәтер бөлу, жаңа өндіріс ошақтарын, кәсіпорындарды іске қосу, ауданға телеарна ашу жайында ұсыныстарын жеткізді. Ленгір қаласындағы ауыз су сапасын жақсарту, І мөлтек аудандағы қоқыс контейнерін арнайы орынға қою, жаяу жүргіншілерге баспалдақты қауіпсіз етіп салуды ұсынды. Көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесін реттеп, Ленгір-Шымкент бағытына электрлі көлік жүргізу, түнгі жарық шамдарын орнатып, жол кедергілерін қою, аяқ жол салуды өтінді. Қаңғыбас иттердің көбеюіне орай, ҚР Заңына сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесі де сөз болды.
↪️ Төлеби ауданының туристік және экономикалық әлеуеті өте жоғары. Инвестиция тарту, туризмді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік бар екендігін айтқан аудан басшысы елді мекенді көркейту, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.
✅ Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов кездесу барысында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
🔹 Кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жүйелі проблемалардың шешу жолдары қарастырылды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі