
Атап айтқанда: Зертас елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункті, Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбыры құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Зертас елді мекенінің жаңа массивіне инженерлік коммуникация жүйелері тартылуда. Осы аталған елді мекеннің Ж.Қасымбеков және Құрманғазы көшелерінің 3,2 шақырымы жарықтандырылды. Зертас ауылдық округі әкімі аппараты ғимараты ағымдағы жөндеуден өтті.

Кездесуде округ халқы спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуді, жаңа массивке инфрақұрылым жүргізу, интернет сапасын жақсартуды сұранды. Ауыз су құбырының жиі жарылуына шағымданып, мәселені шешуге көмек сұрады.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын айтып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.