
Жиын барысында ауылдық округті дамыту жолдары сараланып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Округ халқы аудандық ауруханаға кіретін есікті ашу, жеке таксилерден тазарту, шағын дүкендерді алып тастау, ауыз су сапасын жақсарту, оны халыққа толық жеткізу мәселелерін көтерді. Ауыз суды тұрғындарға бұлақ басы не болмаса ұңғыма қазу арқылы жеткізу жолдары талқыланды. Сергек бейне камерасын мектеп ғимараты жанына орнатып, отандық өнімді ауыл халқына саудалауды сұранды. Көксәйек- Шымкент бағытына қоғамдық көлік жүргізуді, ұялы байланыс сапасын жақсартуды, дәрігерлер мамандарын көбейтуді, жедел жәрдем бригадасын көбейтуді өтінді. Жекеге алынған жер телімдерінің мақсатына сай пайдалануға беру заңдылығын анықтауды, "Фудмастер" ЖШС -і сарқынды суды ауыл арығына төгуіне қатысты шағымдарын айтты.