
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті. 6 күнге созылған іс-шараға әлемнің 8 мемлекетінен келген суретшілер қатысты. Олардың қатарында Үндістан, Түркия, Әзербайжан, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден және Қазақстанның әр өңірінен келген танымал суретшілер мен профессорлар бар. Онда 120-дан астам шығармалар ұсынылды. Бұл – қылқалам шеберлерінің ерекше мәртебеге ие болған Түркістанды ұлықтауға қосқан үлестері.