
2024 жылы 8 әлеуметтік нысанға 450 млн.теңге қарастырылып, нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Достық елді мекенінде 900 орындық орта мектеп құрылысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ы есебінен жүргізілуде. Мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Аталған мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелері тартылуда.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Киелітас елді мекені Атамекен көшесінің 1,6 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Киелітас елді мекенінің мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Сұлтан Рабат елді мекенінің Қарауылтөбе, Ескі қорған және Жалын көшелеріне электр желісін жүргізу және трансформатор орнатылды.
Сұлтан Рабат елді мекенінен кіші футбол алаңшасы орнатылып, сыртқы қоршаулар қойылды.

2025 жылы 6 жобаға 266 млн.теңге қарастырылды.

Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселелерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруға арналған жиында округ халқы лоток қою, жеке кәсіпкер өзен жағалауы бойына өзгеріс енгізгенін айтып, қайта қалпына келтіруге көмек сұрады. Қоғамдық әлеуметтік көлік бағытын енгізіп, салық түсімдерін арттыру үшін кәсіпкерлікті тіркеу жұмысын жүйелеуді өтінді. Электр қуатының артуына ықпал етіп, жайылым жерге баратын жолды ашуды сұранды. Түнгі жарық шамдарын орнату, мектеп көшесіне асфальт төсеу, су қоймасына қарауыл маманын жұмысқа алуды өтінді. Қазпошта бөлімшесі ғимаратының апатты жағдайдағы екенін айтып, электр бағанасын ауыстыруды сұранды.