КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.
Сессия жұмысына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім мен мекеме басшылары ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
🔰 Басқосуда 4 мәселе қаралып, депутаттардың талқылауына алынды.
Олар:
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің есебі.
2. Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы.
3. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25/140-VІІ «Төлеби аудандық округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайлы.
4. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIІI «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
↪️ Маңызды мәжілісте аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы, депутаттар білім беру саласы, әскерге шақыруға қатысты туындаған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
🔹Сессияда көтерілген мәселелер алдын ала
тұрақты комиссияларының біріккен отырысында талқыланғандықтан, депутаттардың ұсыныс, талап-тілектері ескеріле отырып, қолдауға ие болып, бір ауыздан қабылданды.
📌 Мәжілісте қорытынды сөз алған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, жүйелі проблемалар шешімін табу қажеттігін айтты. Жастар арасында әскери патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын ескере отырып, саланың ардагерлерінің әскерге шақыруға ықпалын арттыру жұмысын жоспарлауды тапсырды. Мәслихат жұмысына табыс тілеп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқаруға сенім білдіретіндігін жеткізді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі