ҚР ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫН ЖҮРГІЗУГЕ КӨМЕКТЕСУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫН ЖҮРГІЗУГЕ КӨМЕКТЕСУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
✅ Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге көмектесу жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлының төрағалығымен өткен жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.
↪️ Күн тәртібіне сәйкес, аудандық статистика басқармасының басшысы Ақбота Ақбердіқызы Төлеби ауданында 2025 жылы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жөнінде баяндады. Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазан аралығында өткізіледі. Санақ екі кезеңде өтеді: 2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында интернет желісі арқылы онлайн режимде; 2025 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында планшет пайдаланып елді мекендерді аралау арқылы. Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, ұсыныстар айтылды. Науқанның жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі