Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. Аудан аумағында кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ленгір қаласындағы №8 колледжде кездесу өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Зиятаев, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, №8 колледж ұжымы, ардагерлер, ата-аналар, жастар, колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында Бауыржан Батырбекұлы құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтерін орындарданда және көшеде ата-анасыз жүремеуін қадағалау мақсатында тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізілетіндігін атап өтті. «Құқық бұзушылық», «алаяқтық», «буллинг» терминіне түсініктеме беріліп, оның түрлері мен зардаптары айтылып, жасөспірімдер мен он алты жасқа дейінгі балаларға мопед, мотоцикл техникаларын басқаруға қатаң тыйым салынатындығы туралы ескертілді. Жиын соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі