Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүгінгі қоғамдағы өзекті деген барлық мәселені қамтыды.
Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалынуда. Осының арасында еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Сондай-ақ, халқымыздың құқықтық мәдениеті артып келеді.
Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр- деді Президентіміз өз Жолдауында.
Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет.
Енді алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталайын.
БІРІНШІ. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет.
Жолдауда «Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі толық шешімін таппай отырғандығы»- айтылуда. Ол бойынша ауданымызда кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейтуді қаржылай қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде бірнеше қолдау түрлері көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша біріңғай кешенді бағдарлама шеңберінде 7 млрд. 592 млн.теңге несие қаражаты берілген.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатында несиелер облыста негізінен қаржы ұйымдары арқылы беріледі. Оның ішінде, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан, Шымкент филиалдары, «Оңтүстік» АИО ЖШС, «Ырыс» МҚҰ ЖШС. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге лизингпен ауыл шаруашылығы техникасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Түркістан облысы, Шымкент қаласы бойынша филиалымен беріледі. Аталған қаржы ұйымдар арқылы 255,5 млн.теңге несие қаражаты берілді.
Жолдауда «...республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс»- деп тапсырма берілді. Ол бойынша ауданда бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында қосымша кіріс көздері анықталып, алдағы болатын бюджетті нақтылау барысында аудан бюджетінің кіріс бөлігін 93 750,0 мың теңгеге, ал қала, ауылдық округтер бюджеті 169 758,0 мың теңгеге ұлғайту жоспарлануда. 2024 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 4 016 162,0 мың теңге болып бекітілсе, 2025 жылы 4 790 254,0 мың теңгеге бекітіледі. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып және шығыс бөлігін оңтайлы игеру мақсатында аудан бюджетін 43,0 млн теңге тиімсіз жоспарланғандығы анықталып, бірінші кезектегі қажетті шығындарға бағытталатын болады.
Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керектігі де сөз болды.
Экономиканы қарқынды дамыту үшін тек мемлекет қаржысына сүйену жеткіліксіз екені анық. Жеке инвестициялар тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін, ең алдымен, салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді.
Көлеңкелі экономика үлесінің жоғары деңгейде қалуы қаржы саласындағы ахуалды ушықтырып тұр.
Біркөлік, Ақмешіт және Қасқасу елді мекендерінде орналасқан демалыс орындарында жыл басында 85 демалыс орындары мен саяжайлар салық органдарында тіркеуде тұрған болса, рейдтік тексеру нәтижесінде 101 демалыс орындары мен саяжайлар анықталып, тіркету жұмыстары жүргізілуде.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев