«Е-ҚЫЗМЕТ» ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Е-ҚЫЗМЕТ» ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.Жолбарыс «Е-қызмет» жүйесі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің және аудан/қалалардың мемлекеттік кірістер басқармаларының Персоналға жауапты қызметшілерінің қатысуында кездесу өткізді.   

«Е-қызмет» жүйесі персоналды басқару қызметін дамыту мен жетілдіруге, кадрлық жұмысты тиімді орындауға, онлайн режимде мемлекеттік қызметкерлер туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

Осы ретте, «Е-қызмет» жүйесінің жұмысын жандандырып, автоматты режимде рәсімделген құжаттар үлесін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тиісті мәліметтерді уақытылы және сапалы енгізіп отыру мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында, аталған жүйенің маңыздылығы «Е-қызмет» жүйесі арқылы түсіндіріліп, тәжірибелік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті