БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАНЫНАН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАНЫНАН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Бірінші Мамыр ауылдық округінде отбасы үлгісіндегі балалар үйіне қарасты лагерь ашылып, пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, мәслихат депутаттары қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік жиынға арнайы келген қонақтар балаларды, жиналғандарды мерекемен құттықтап, олардың барлық арман-тілектері орындалып, алға қойған мақсаттары жүзеге аса берулерін тіледі.
60 орындықты шағын лагерьде балалардың демалуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі