Төлеби ауданы бойынша жайылым жерлер туралы мәлімет

Төлеби ауданы бойынша жайылым жерлер туралы мәлімет

Жер көлемі:

Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №436 қаулысымен жер есебі (баланс) бекітілді. Төлеби ауданының жалпы жер көлемі                    306 380,0 гектарды құрайды. Оның ішінде қала және ауылдық округтерінің жалпы жер көлемі 159 383 гектар, елді мекен құрылысындағы жерлері 23 305,0 гектар, елді мекен жайылым жері 44 150,0 гектарды құрайды. Барлық ауылшаруашылығы алқаптарының жиынтығы 88 995,0 гектар, оның ішінде егістік жерлер 62 596,0 гектар, соның ішінде суармалы егістік              9 766,0 гектар, көп жылдық екпе ағаштары (бау) 2 540,0 гектар. Елді мекен жайылым жері және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерлердің жалпы көлемі 70 042,0 гектар құрайды.  

Жер санаттары бойынша:

  • ауылшаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 88 995,0 гектар;
  • елді мекендердің жерлері 61 531,0 гектар;
  • өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 3 845,0 гектар;
  • ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 146 997,0 гектар;
  • су қорының жерлері 197,0 гектар;
  • босалқы жерлер 4 486,0 гектар;

Төлеби ауданының 4 982,0 гектар жері аудан аумағынан тыс жерде (Қазығұрт ауданында 4 590,0 га жер телімі, Ордабасы ауданында 392,0 га оның ішінде 252,0 га жер телімі суармалы жер телімі).

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2021 жылғы 1 қыркүйек күні жолдаған "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауына сәйкес халықты ортақ жайылыммен қамтамасыз ету тапсырмасы негізінде бөліммен                 2021 жылы жалпы 5,6 мың га жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу жоспарланған, жыл соңына дейін 8708,9 га жайлымдық жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.

Сонымен қатар 2022 жылы жалпы 8,1 мың га   жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу жоспарланған. Ал жыл соңына дейін 8513,2 га жайлымдық жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.

Жалпы 2021-2022 жылы қайтарылған жалпы алаңы 17 221,2 га жайылым жерлерді ауылдық округ әкімдіктеріне ортақ жайылым ретінде бекітіп беру мақсатында  жерге орналастыру жобалары әзірленіп,ортақ жайылым ретінде мемлекеттік актілер рәсімделді.

2023 жылы 5,3 мың га жайылымдық және 3,7 мың га нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жер телімдерін халықтың мұқтажына алу жоспарланып, бүгінгі таңда  жоспар толық орындалды.

2024 жылға 2,0 мың га нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайтару жоспары бекітіліп, қазіргі таңда 733,43 га жер учаскесі ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.