ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ
Қоршаған ортаны қорғап, табиғатты күтіп, аялап ұстау бәрімізге ортақ міндет. Себебі, біздің денсаулығымыз, салауатты өмір сүруіміз табиғатпен тікелей байланысты. Өскелең ұрпақ осыны сезініп, түсінуі керек. Осы бағытта республика аумағында «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акцияның тақырыптық апталықтары аясында әр елді мекенде көркейту, тазалық шаралары жүргізіліп жатыр. Ауқымды экологиялық науқан 13 мамырға дейін жалғасатын болады.
Қазіргі кезде Таза Қазақстан акциясы аясында Киелітас ауылдық округі бойынша ағып өтетін Бадам өзені жағалауындағы тасталған күл қоқыстарды тазалау және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қасқасу ауылдық округінде демалыс аумағына баратын жолдар мен өзен маңайныда тазалық шаралары жүргізілді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
#Таза_Қазақстан
#Жасыл_Аймақ
#Төлеби