Ағаш-табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі ғана емес, бір адам еккен ағаштың көлеңкесі де көп адамға сая болады. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Бұған қоса, аудан аумағын жасыл желекпен көмкеру, сол арқылы сәулетін арттыру күн тәртібіндегі жоспардың бірі. Қазіргі кезде қала көшелерінде, елді мекендерде және мекеме ғимаратының аулаларында сая беретін ағаш, жеміс көшеттерін егу дәстүрге айналған.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында айналаны көркейту, көгалдандыру, абаттандыру үрдісі тіпті жандана түсті. «Жасыл аймақ» апталығында қараағаш, терек, туя, боз арша, шырша, қарағай, жеміс ағаштары, тал ағашы және қылқан жапырақтылар сияқты жасыл екпелер ауданда егілуде.
Алатау ауылдық округінің көше бойында қызметкерлер ауыл белсенділері көшет отырғызуға үлестерін қосты. Жалпы, елді мекен аумағына 500 түп қара ағаш егілді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі