СКВЕР БОЙЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ

СКВЕР БОЙЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалып, жазда сая, қыста қамал болады. Туған жері түлету, көркейту үшін ең бірінші оны жасыл желекке орау қажет. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» республикалық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы барысында Ленгір қаласының тұрғындар мен мекеме қызметкерлері ағаш көшеттерін егіп, әктеп, суар жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Төлеби аудандық Саябақтары мекемесі тарапынан Төле би көшесі бойындағы скверге раушан гүлдерін егіліп, жол бойы гүлмен көмкерілді. "Ленгір тазалық" КММ-і қызметкерлері тарапынан ішкі көшелерді күл қоқыстардан тазалау және қала аумағындағы қасбеттерді бояу, көк майса шөптерді ору жұмыстары жүргізілуде.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі