«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫНА МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ДА АТСАЛЫСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫНА МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ДА АТСАЛЫСУДА
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Төлеби ауданында қарқынды жүзеге асуда. Аудан тұрғындары саябақтар мен жол жиектеріне ағаш көшеттерін отырғызып, аудан орталықтары мен ауылдардың тазалығын ретке келтіріп жатыр. «Жасыл аймақ» апталығы аясында көшелер абаттандырылып жатыр.
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген аталы сөз бар. Асыл дінімізде де тал егу, жеміс ағаштарын отырғызу сауапты амал саналады. Сондықтан, медицина саласының өкілдері мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызу, жасыо желекті әктеп, жол жиектерін тазалап, ғимаратты сырлап, гүл егу жұмыстарын жүргізуде. Ал, Зертас Зертас ауылдық округінде балалар ойын алаңшасын ретке келтіріліп, сырлау жұмыстары жүруде.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі