Төлеби ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында спорттық мекемелер өз аумақтарында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Сенбілік аясында Төлеби ауданындағы 4 спорт мекемелері өз аумақтарында көшет егіп, ағаш түптерін әктеп, қопсытып, тазалық шараларын жүргізді.
Сенбілікке мекеме қызметкерлері мен еріктілер атсалысты. Апталық аясындағы абаттандыру жұмысына аудан тұрғындары, еріктілерден құралған 100 адам қатысты. Жалпы 400 тұп қара ағаш, 100 тұп алма, 120 тұп шыршаның көшеттері егілді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі