Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді әлеуметтік желі қолданушылары!
Сіздерді, Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам - Ораза айт мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың күні.
Әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейтін Ораза айты халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырып, аудан жұртшылығын жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдыра берсін!
Рамазан айында ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі амалдарымыз, дұға-тілектеріміз, қасиетті айда берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етсін!
Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!