21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ

21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ
 
Бүгін, Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні - Ынтымақ күні
Бұл күні жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихатталады. 121961 халық мекендеген Төлеби ауданында ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен ынтымағы жарасқан. Аудан аумағында өзге ұлт өкілдерінің 6 мәдени орталығы жұмыс істейді. Бір үйдің баласындай тату-тәтті, бір шаңырақ астында өтетін іс-шараларға белсенді ат салысып, ел игілігі жолында аянбай еңбек етуде.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі