Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев өмірге шуақ сыйлап, айналасына мейірім төгіп, ауданның өркендеуі мен дамуына үлес қосып, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Көктемнің жаршысындай болып келген Аналар мерекесінде мемлекеттік қызметте еселі еңбегімен танылған аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы Шолпан Ағабаеваға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажановтың мерекелік құттықтау «Алғыс хатын» табыс етті.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі