Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активіне аудандық полиция бөлімінің басшысы Зиятаев Бауыржан Батырбекұлы 2023 жылы атқарылған жедел – қызметтік жұмыстары жөнінде есеп берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы ашып, жүргізіп отырып, күн тәртібінде қаралатын мәселенің мақсаты мен маңыздылығын түсіндірді.
Бауыржан Батырбекұлы аудан аумағында алаяқтық қылмыс саны артқанын, мал және пәтер ұрлығы бойынша атқарылған жұмыстар оң нәтижесін бергенін, интернеттік алаяқтыққа тосқауыл қою мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын, алдағы уақытта бұл бағытта елді мекендерде кездесулер ұйымдастырылатынын айтты.
2023 жылы аудандағы аса ауыр қылмыс саны 8 болып тіркелсе, оның ашылуы 100 ді құраған. Сондай-ақ, орта санаттағы қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда біршама кеміген. Қарақшылық қылмысы мүлдем тіркелмесе, бұзақылық саны да азайған. Бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау секілді қылмыстар 40.6 және 35.7 пайызға төмендеген.
Ауданға әр түрлі мақсатпен келген 1880 азамат уақытша тіркелген. Учаскелік полиция қызметкерлерінің жеке іздеуімен 76 қылмыс ашылған. Жыл көлемінде ювеналды полиция қызметкерлері білім беру бөлімі, «Жастар орталығы» мамандарымен бірлесіп отырып, жасөспірімдердің кешкі уақытта беймезгіл жүрмеуін қадағалап, тұрақты түнгі рейд шараларын ұйымдастырған. Полиция жұмысын жетілдіру, тиімділігін арттыру, қоғамға жақын болу және халық сенімін иелену бағытындағы іс-шаралар барысы да сөз болды.
Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қылмыстардың алдын – алу, болған ашуда, ауданымызда әлеуметтік және криминогендік ахуалының тұрақтылығын, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруда.
Жиын барысында Біркөлік елді мекенінің тұрғыны жол кедергілерін орнатуды сұранса, отбасылық кикілжің орын алған кезде болған мән-жайды анықтап барып, кінәлілерді жазалауды сұранды. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органның қолдауымен облыстық маңызы бар жолдағы басқа аудандармен шекаралас жатқан елді мекендерге қосымша министрліктің базасына тікелей жүктелетін Сергек бейне камерасын орнату бағытында жұмыстар атқарылуда.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы полиция бөлімінің жұмыстарына оң баға беріп, жыл соңына дейін бұданда жақсы нәтижелерге жететіндіктеріне сенім білдірді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі