ДЕРБЕС БӨЛІМДЕР ЕСЕП БЕРДІ

ДЕРБЕС БӨЛІМДЕР ЕСЕП БЕРДІ
 
Төлеби ауданы әкімдігіне қарасты 7 дербес бөлім 2023 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, 2024 жылдың жоспарымен таныстырды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық еткен басқосуларда бөлім басшылары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, қоғамдық-саяси ахуал, мәдениет, спорт, дене шынықтыру саласындағы жетістіктер, жер қатынастары саласындағы жұмыстар, инженерлік-коммуникация жүйелеріндегі өзгерістер, құрылыс саласындағы қызметтер жайын баяндады.
 
Әр бөлімнің есебін жеке тыңдаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы қызмет барысында орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырып, жекелеген салалар бойынша орындалмаған тапсырмалардың себебін талдап, жүйелі жұмыс жүргізуді жүктеді.
Бөлім мамандарымен тілдесіп, жұмыс барысында кездесетін кедергілерді жою үшін тиісті салалық басқармаларға ұсыныс айтылатынын, шешімдер мен қаулылар заң аясында талданып, оған жауаптылардан қызметтерін дұрыс атқаруды тапсырды. Сондай-ақ, бөлім мамандарына өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерін адал атқарып, қызметіне немқұрайдылық танытпауды ескертті. Мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы, қызметкердің ел алдындағы жауапкершілігі мол екенін айтып, мемлекеттік мекемелер өкілдері халыққа жақын болуы тиістігін жеткізді. Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, халық алдындағы жауапкершілігін жоғарылату – басты міндеттері екенін ескертіп, парасатты мен мәдениетті болуға шақырды. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыруы кезінде заңдылықтар талапқа сай сақталуы керектігін айтып, ауданның өркендеп дамуына, ел игілігі жолында еңбек етуді тапсырды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі