Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді әлеуметтік желі қолданушылары!
Баршаңызды, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Елдігімізді айқындап, тәуелсіздігіміздің тірегіне, халықтың рухани байлығына айналған мемлекеттік "Тіл туралы" заң 1989 жылдың 22 қыркүйек күні қабылданды. Алғашқы кезде заң негізінде мемлекеттік тіл қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітіліп, 22 қыркүйек күні аталып өтілді. 2017 жылдан бастап тілдер күні мерекесін атап өту күні өзгеріп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 5 қыркүйекпен сәйкестендірілді.
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деп көрсетсе, мемлекеттік тіл дәрежесін көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен деп тілеймін.
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, мен болашағының айқын көрінісі. Себебі, тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Бұл мереке туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.
Мереке құтты болсын. Ел ертеңі баянды болсын!
Ізгі ниетпен,
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Құралбаев