Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz сайтының басты бетінің төменгі оң жағына «онлайн-кеңесші» орталығы іске қосылды.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz сайтының басты бетінің төменгі оң жағына «онлайн-кеңесші» орталығы іске қосылды.

Онлайн-кеңесші орталығының парақшасында «жиі қойылатын сұрақтар», «өтініш нысаны» көрсетілген. «Өтініш нысаны» бойынша өтініштің түрін таңдайсыз: «жеке» немесе «заңды тұлға» және басқа да сұрақтарға жауап беру қажет. Сонымен қатар, «Техникалық қолдау» бөлігінде бірнеше бөлімшелер бар: «статистикалық нысандарды толтыру үшін», «статистикалық ақпаратты навигациялық іздеу», «әдістемелік түсініктемелер», «мемлекеттік қызметкер», «бір терезе».

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz сайтының «онлайн-кеңесшісі» орталығы тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Қажетті кеңесті «онлайн-кеңесші» орталығынан ала аласыздар.