
Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №13 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 18 сәуірі 24.00 сағаттан бастап төтенше жағдайдың соңына дейін Түркістан облысының аудан және қалаларының аумағында ерекше шарттарымен шаруашылық және өзге де қызметтерге карантин режимі енгізілуде. Осыған байланысты аудан аумағы да толық оқшаулау қызметіне көшетіндігін ескертеміз.
Төлеби ауданының өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, дезинфекциялық заттар, өндірістік тауарлар мен материалдар бар автокөліктерге және кіріп - шығуға рұқсаты бар азаматтар мен көліктерге;
- Кәсіпорын қызметін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайда (немесе қызметтік куәлік) тұрғылықты мекен жайынан жұмыс орынына бару және қайтуға;
- азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейін ғана рұхсат етіледі.
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа аудан аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың келуіне және шығуына, елді мекендер арасында қатынауына, кәмелетке толмағандардың, ата-аналарының қадағалауынсыз жүруіне;
- Дезинфекция жүргізілгеннен кейін 5 сағат ішінде көшеге шығуына тыйым салынады.
- Аудан бойынша жалпы қозғалыстар шектеледі.
- Тұрғылықты мекен-жайына жақын жерде орналасқан дүкендерден және дәріханалардан азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, медициналық көмекке жүгінуді, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажет болмағанда тұрғын үйден шығуы;
- Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүруі шектеледі.
- Аудан аумағындағы жолаушылар тасымалдау, қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы, сондай-ақ, кез келген отбасылық мерекелер мен ас беру сынды жиындар, саябақтар, скверлер, жағалаулар, балалар ойын алаңшалары және басқа азаматтардың демалыс орындарының жұмысы тоқтатылады.
- "Қазпошта" АҚ-ң және екінші деңгейдегі банктер бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметі тоқтатылып, онлайн және жеткізу режимі арқылы қызмет көрсетіледі.
- Сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда – аудан тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағып жүруі міндетті.
- Төлеби ауданына қарасты елді мекендерде пост-бекеттерінің жұмысы күшейтіледі.
- Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодексі шеңберінде ескерту немесе 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу (ӘҚБтК-нің 476-бабы).
- Азаматтар құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін (ӘҚБтК)нің 667-бабымен 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатындығын естеріңізге саламыз.
Қымбатты төлебиліктер!
Жақындарымыз бен өзіміздің амандығымыз үшін сақтық шараларын бұлжытпай орындауға шақырамыз.
Барлық шектеулер мен ескертпелерді қатаң сақтау сұралады.
Ең бастысы еліміздің, отбасымыздың амандығын сақтау үшін үйіңізде болыңыз.
Төлеби ауданының әкімдігі