
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аудан әкімдігінде ақпараттық қолдау орталығы құрылған болатын. Осында 2020 жылдың 28 наурызынан 16 сәуірге дейін келіп түскен сұрақтар 150-ден асты. Оның 60-на телефон қоңыраулары арқылы қызмет көрсетілді. WhatsApp желісіне 91 сұрақтар мен өтініштер келген. Оның 79-і әлеуметтік сұрақтар, 12-і ауыз су мен қоқыс мәселелері. Орталықта кезекші мамандар қойылған сауалдарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі