ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ

ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ
 
Құқықтық мәселе бойынша методикалық, әдістемелік көмек көрсету бойынша 2023 жылға жұмыс жоспарын түсіндіру бойынша жиын өтті. Басқосуға аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Зина Сарыпбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығын түсіндірді.
 
Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде және оны жұмыс барысында қолдануға байланысты бекітілген жоспар бойынша құқықтық оқыту семинарға мемлекеттік мекемелердің заңгерлері, іс жүргізушілері және жер мәселесі бойынша жауапты мамандары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
 
✔️Мәжіліс регламентіне сәйкес, семинар барысында
🪄Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-Процестік Кодексіне» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
🪄Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы №153-VIІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы»
🪄Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы «Жер туралы» №442 Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
🪄 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410 Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
🪄Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Қайырымдылық туралы» №402 – V Заңы
🪄 Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы «Прокуратура туралы» №155- VІІ Конституциялық Заңы
🪄Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәртібінің мерзімдері туралы
🪄 Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы, мәселесі талқыланды.
 
Заңға енген өзгерістер бойынша аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Сұлу Есетқызы, осы бөлімінің бас инспекторы Дәулет Жумалі баяндама жасады.
 
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетерді болдырмау, жол бермеу мақсатында барлық мемлекеттік қызметкерлер өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Заң талаптарын қатаң түрде сақтауды қадағалауды, қолданыстағы заңнамаларының талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыс жасау тапсырылды.
 
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі