Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары!

Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі төтенше жағдайға және экономика мен әлеуметтік саладағы шараларға қатысты мәселелер бойынша мәлімдемелер жасап, пандемияға қарсы күрестің алдында бірнеше шешім қабылдады. Біздің ауданда да айтылған мәлімдемеге сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда.

Атап өтетін болсам табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде төлеу бойынша, яғни 42 500 мың теңге төлеуге қатысты штаб құрылды. Бүгін бірiншi отырысы өттіп, көмекті алатын азаматтардың категорияларының артуына байланысты қосымша тiзiм жасалып жатыр. Қазіргі таңға аталмыш мәселеге  байланысты өтініштер келіп түсуде.

Аудандағы аз қамтамасыз етілген 6-18жас аралығындағы 719 отбасының 1865 баласына 10 млн 531мын теңге төленді. Азык түлік есебінен 6-18 Жастағы Атаулы Әлеуметтік Көмек Алушы отбасының әр баласына 5647 тенге төленді.

2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге агроқұрылымдарға жеңілдетілген бағамен наурыз айына - 650 тонна жанар –жағар май бөлінді. Сәуір айына тапсырыс берген агроқұрылымдардан өтінімдер жинақталуда.

«Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 17 наурыздағы №60 қаулысына сәйкес, «КазАзот» АҚ арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін тыңайтқышқа агроқұрылымдардар тапсырыс беріп жұмыстар жүргізуде.

Агроқұрылымдар сатып алған тыңайтқыштары бойынша www.qoldau.kz сайты арқылы өтінім тастап, тыңайтқыш құнының 50 пайызын субсидиялауға қол жеткізуде.

Ауданымызда құрылған мобильді топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өспеуін қадағалауда.

Бүгінде өздеріңіз куә болып жүргендей, ауданымыздың медицина және полиция қызметкерлері күн-түн демей Аудан аумағындағы Шымкент қаласы, Қазығұрт және Сайрам аудандарымен шекаралас аумақтарда 5 блок поста жұмыс жасауда.

Аталған посттарда 36 полиция, 47 медицина, 14 ветеринария және 10 жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылып, әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, сақтық шараларын ұстану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Барлық блок посттарда тәулігіне орташа есеппен 4 мыңнан астам автокөлік өтуде.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемияcын алдын-алу мақсатында ауыл белсенділері, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен имамдары әр ауылдың аумақтарында, кіреберіс қақпаларында елдімекендер арасындағы қатынастарды қадағалау бойынша тіркеу бекеттерін ұйымдастырып, ауыл аумақтарды аралап, сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Оған қоса, аудандық әкімдіктің тапсырысымен бетперде тапшылығын шешу мақсатында мектептер және көпсалалы №8, №9 колледждеріне, ИЧ-167/9 мекемесінде 48686 дана бетперде тігіліп, оның 20000 мыңнан астам данасы дәріханаларға, аудан тұрғындарына, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға тегін таратылды.

Бүгінгі күні аудандағы 130 нысан немесе 72404 шаршы метр аумақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Төлеби ветеринариялық қызметі» мекемесі тарапынан Ленгір қаласындағы жалпы 91 тұрғын үйлердің подъездеріне, ауласындағы ойын алаңшаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсе, аудандағы негізгі көшелерде залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Құрметті аудан тұрғындары! Қазіргі таңда ауданда алаңдауға негіз жоқ. Төлеби ауданының аумағында коронавирус тіркелген жоқ. Сақтық шаралары күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.

Ел басына төніп тұрған ауыр кеселмен күресу бәрімізге бірдей жүктелген міндет болып тұр.

Еліміздің барлық өңірінде карантин күшейтілуде. Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз. Бұл қиын-қыстау уақыттан да, бірлік пен ынтымақтың арқасында аман-есен өтеміз деп сенемін!

Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек. Бұл – аса маңызды. Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Сіздердің уақытша сынақта қосатын үлестеріңіз үйден шықпай, берілген ескертпелерге құлақ асып, талапқа сай әрекет ету.

Біз күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Біз біргеміз!

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков