
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Төлеби ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен ойын алаңшалары дезинфекциялануда. Ленгір қаласындағы 1 мөлтек ауданында орналасқан 1,2,3 үйлер залалсыздандырылып бітсе, қалған 8,9,10,11,12-ші үйлерді індеттен алдын алу шаралары жүргізілуде.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі