ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА 4 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА 4 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

 

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында 4 мәселе қаралды.

Ұрлықтарды тоқтату, бөтеннің мүлкін ұрлаудың профилактикасына бағытталған іс-шаралады іске асырудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Бексейіт Теңізбаев баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы №64 Қаулысымен бекітілген «Төлеби ауданындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалу барысын Бексейіт Жансейітұлы баяндап, атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.

Отбасы – тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, маскүнемдік пен алкоголизм профилактикасы және азаматтық қоғам институттарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қимыл жасау жөнінде аудандық жұмсыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Бейсебаева хабарлады.

Төлеби аудандық прокуратурасының прокуроры Бексұлтан Сапарбек Төлеби ауданының прокуратурасының 16.09.2022 жылғы №2-12-22-01294 санды заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынды.

Жиынды көтерілген мәселелер бойынша комиссия мүшелері шешім қабылдап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі