СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша мемлекеттік мекемелердің есептері тыңдалды.

Мәжіліске аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, оған комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудан аралық басқарма басшысы Еркінбек Асанов, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесінің бастығы Мұрат Тұрсынбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Ендібаев қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде Ленгір қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ж.Байзақов, Қоғалы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Б.Мусалиев, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Е.Ералиев баяндама жасады.

Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, әкімдер есебін назарға алуды ұсынып, көрсетілген кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, баяндамашылардың жұмыстарды уақытылы орындамағаны, тиісті ақпарат және құжаттарды ұсынбағаны, басшылық жұмысын ұйымдастыруға, іс-жүргізудің жай-күйіне немқұрайдылық танытқандары үшін тәртіптік жауапкершліктерін қарауды  ұсынды. Бұған қоса, әрбір мемлекеттік органда мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағытты іске асыру бойынша сала аралық тиісті жұмыстарды бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет саясаты бойынша халықпен үнемі байланыста болу қажеттігі жиын барысында сөз болды. Мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң талаптарын сақтай отыру қарау жөні айтылды.

Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша хаттамалық шешімнің орындалуын қадағалауды аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы З.Сарыпбековаға жүктеді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі